Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы
2020 жылдың 20-тамызында облыс бойынша COVID-19 инфекциясының 3187 жағдайы тіркелді, оның ішінде 49% ауру белгілерімен (1557) және 51,1% симптомсыз (1630) жағдай. 2937 (92,1%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2311 жағдай, оның ішінде (1019 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (9), Алға – 91 (76), Байғанин – 56 (32), Ырғыз – 53 (33), Қобда 15 (14), Қарғалы – 24 (15), Мәртөк – 47 (27), Мұғалжар – 170 (123), Темір –
87 (158), Ойыл – 21 (11), Хромтау – 81 (43), Шалқар ауданы – 111 (70).
Жалпы тіркелген 3187 науқастың 2,1% (69) сырттан әкелінген, 13,5% (433) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 49,2% (1570) жергілікті жағдайлар және 35% (1115) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 257 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.